Бұл туралы Аikyn.kz сайты 31-арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқыс жағдай ақпан айында болған. Төсектің баланың үстіне құлаған сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видеодан үш бүлдіршіннің кереуетке шығуға талпынып жатқанын көруге болады. Тербеліп тұрған төсек баланың үстіне құлап кетеді. Жиһаздың астында қалған бүлдіршіннің иығы сынып, жарақат алған.
Тәрбиеші ойыншықтарды жинап жүріп, балаларды назардан тыс қалдырған. Сорақысы, мекеме қызметкерлері болған жағдай туралы баланың ата-анасына ештеңе айтпаған. Анасы ұлының жарақаты туралы кездейсоқ білген. Сөйтіп полицияға шағым түсірген.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Білім басқармасының өкілдерінің айтуынша, міндетін тиісінше атқармаған тәрбиешінің мәселесі сотта қаралады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.