Алматыда толассыз жауған жауынның басылмағанына бір аптадан асты.
Алматыда жауын қашан басылады?
www.istockphoto.com
2,699
оқылды

"Қазгидромет" филиалының Алматы және Алматы облысы бойынша метеорологиялық болжамдар бөлімінің бастығы Дәулет Қисебаев болжамды түсіндірді, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Маманның айтуынша, Алматыда жаңбыр түріндегі жауын-шашын ауқымды циклон салдарынан туындаған.

"Қазір республикамыздың шығыс жартысы ауқымды циклонның ықпалында. Циклонның оңтүстік жартысы Семей-Өскемен аймағында, ал жоғарғы бөлігі Новосібірде. Осы циклонның нәтижесінде Сібір аймақтарынан суық ауа келеді. Күндізгі уақытта жақсы контраст байқалады: ыстық, бірақ сонымен қатар суық ауа кіреді, таулы аймақтарда конвективтік-найзағайлы бұлттар пайда болады. Сондықтан, негізінен күндіз және кешкі уақытта күн күркіреп, найзағай соғып, екпінді жел соғып, жауын-шашын болады. Бұршақ түріндегі жергілікті көріністер де болуы мүмкін", – деді Қисебаев.

Метеорологтың айтуынша, мұндай тұрақсыз ауа райы алдағы аптада да сақталады.

"Ол, әрине, басылады, бірақ күннің екінші жартысында, әсіресе қаланың жоғарғы бөлігінде (тау бөктеріндегі аудандарда) жел күшейіп, қысқа мерзімді найзағай соғу ықтималдығы жоғары. Қаланың төменгі бөлігінде тұрақты болуы мүмкін", – деп қосты метеоролог.

Осы циклонды ауқымды антициклон алмастырады деген болжам бар.

"Бұл циклонның артына жауын-шашынсыз ыстық, құрғақ ауа райын әкелетін үлкен антициклон келеді. Бірақ бұған баға беруге әлі ерте. Біз циклон Қиыр Шығысқа қарай тезірек қозғалып, құрғақ, ыстық ауа райын әкелетін антициклонға жол береді деп күткен едік. Бірақ олар, былайша айтқанда, таласып, бір біріне орын бермей жатыр", – деді маман.

Маманның айтуынша, биылғы шілдедегі ауа температурасы климаттық нормада сақтап отыр.

"Әзірге бұл климаттық норма шегінде. Өйткені шілдеде орташа максимум 30-32 градус. Күн сайын Алматыда ең жоғары температура 29-32 градус шамасында. Сондықтан бәрі климаттық нормада. Бұл Алматы үшін стандартты шілде", – деді Дәулет Қисебаев.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.