Бұл туралы жергілікті Полиция департаменті хабарлады.
Атырауда мектеп түлегі кісі қолынан қаза тапты
935
оқылды

Атырау облысында жасөспірім кісі қолынан қаза тапқан, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, қайғылы оқиға 3 шілдеде Махамбет ауданы Сарытоғай ауылында болды. Кісі қолынан қаза тапқан 17 жастағы жасөспірім жақында мектеп бітірген.

"Жасөспірімнің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті 2005 жылы туған", – деп жазылған хабарламада.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.