Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Астанада 35,7 шаршы метрлі пәтерге 937 адам тіркелген
986
оқылды

Елорда прокуратурасы көші – қон заңнамасы талаптарының сақталуын тексеру шеңберінде жалпы ауданы 35,7 ш.м. бір бөлмелі пәтерде 937 адам тіркелгенін анықтады, деп хабарлайды  Aikyn.kz сайты.

Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Мемлекеттік айыптаушы – прокурор  тұрғын үй-жайды беру арқылы заңсыз көші-қонды ұйымдастырған сотталғанның кінәсін дәлелдеді.

Сот үкімімен "резеңке" пәтердің иесі ҚК-нің 394 – бабының 1 – бөлігі бойынша сотталды.