Қазір аталған оқиға байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.
4 жасар бала балабақшаның кәріз құдығына құлап, қаза тапты
www.istockphoto.com
958
оқылды

Оқиға 10 шілдеде Атырау қаласының маңындағы Құрсай ауылында болған.

Күндізгі сағат 11:00 шамасында "Чебурашка" жеке балабақшасында 4 жасар бала кәріз құдығына құлап кеткен. Оқиға орнына құтқару қызметі мен полиция шақыртылған.

Атырау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, аталған оқиғаға байланысты кешенді тергеу жүргізіледі.

"Қазір Атырау қалалық Полиция басқармасында жекеменшік балабақшада 4 жасар баланың кәріз құдығына құлап, қайтыс болуына қатысты қылмыстық іс тіркелді. Полиция қызметкерлері кешенді тергеу амалдарын жүргізуді бастады. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды", – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.