Маусым айы басталғалы бері адамдардың шомылуға үйір болатыны белгілі-ақ.
Шомылуға тыйым салынған 4 598 орын бар
408
оқылды

Қазақстанда шомылуға тыйым салынған 4 598 орын бар. Бұл туралы ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Ақылбек Ахметжанов айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

"Шомылуға тыйым салынған 4 598 орын анықталды, онда 6 587 ескерту және тыйым салу белгілері орнатылды. ТЖ министрлігі, Ішкі істер, Көлік министрліктерімен бірлесіп, су айдындарында адамдардың қаза болу қаупін азайту мақсатында азаматтардың судағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарын бұзудың жолын кесу бағытында азаматтардың судағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарын бұзуының жолын кесу бойынша 39 853 рейдтер мен патрульдеу жүргізді. Анықталған заң бұзушылар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 364, 412 және 440-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады", – деді ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Ақылбек Ахметжанов. 

Жыл басынан бастап жалпы сомасы 62 млн 608 мың теңгеден асатын 9 мыңға жуық хаттама толтырылды.

"Жыл басынан бастап ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы ("Судағы қауіпсіздікті сақтамағандары үшін") бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар саны 10 есе ұлғайды. Болашақта қателіктерін түсінген балықшылар судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға жақындарында үгіттейді  деген үміттеміз", – деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.