Республиканың солтүстік-шығыс және шығыс аймақтарында ғана көбіне жауын-шашынсыз күн райы сақталады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта және солтүстік-батыста, ал 13 шілде күні республиканың батысында кей кездері қатты жаңбыр жауады.
Қазақстан бойынша найзағай, бұршақ, дауыл және желдің күшеюі болжанып отыр.
Еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы күндіз +20+35°С дейін төмендейді, қалған аумақта күрт өзгерістер болжанбаған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.