Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Арықтаймын деп қайтыс болған мұғалімнің ісіне қатысты тың дерек шықты
1,544
оқылды

Алматыда арықтаймын деп ажал құшқан мұғалімнің ісіне қатысты тың дерек шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Алдын ала ақпарат бойынша, әйелге ота жасаған дәрігер жаназаға келіп, марқұмның күйеуінің қолына хатқалта қыстырған. 

"Кеше ғана Алматыда арықтап, іш майын алдырамын деп ажал құшқан әйелдің туыстары келді. Марқұм Құралай ешқашан жүрегіне шағымданбаған, жүрегі ешқашан ауырмаған дейді. Ал  клиника өкілдері адам сияқты көңіл айтпақ түгіл, кешірім де сұрамапты. Ота жасаған дәрігер тура жаназа кезінде келіп, Құралайдың күйеуінің қолына хатқалта қыстырған.
Марқұм іш пен бөксе майын сылуға 2 миллион теңге төлеген, ал өзінің кредиті бастан асады екен. Жалпы, айтылмаған нәрсе көп…", – деп жазды ол.

Сондай-ақ марқұмның сіңлілері журналиске сұхбат беріп, жанайқайын жеткізді. Олар әпкесіне ота жасаған клиника мен дәрігер олардың адам өлімінен кейін де жарнама жасағанына ашулы. 

"Ота сағат 10:00 шамасында аяқталып, сағат 11:30-да ол күйеуіне хабарласқан. Содан кейін әпкеміз мүлдем байланысқа шықпады. Түскі 12:00-ден, түнгі 23:00-ге дейін хабарсыз болып, сағат түнгі 00:00-де әпкеміз туралы суық хабарды жеткізеді. Ол 9-10 сағат бойы қайда болды? Қиналған жоқ па?

Ең қызығы, әпкемнің іш майын алуға ота жасаған клиника адам өлімі болғаннан кейін тағы да жарнама салды. Ота жасаған кісі де жарнама салады. Жарнамаларында "келіңіздер, бізде соңғы күн. Бұдан кейін бағасы қымбаттайды, ертерек жазылып алыңыздар" деп айтады. Тура әпкеме жасаған блефаропластика, липосакцияны айтты. Мына жақта біз қайғыдан қан жұтып отырсақ, олар жарнама жасап отыр. Адамда ұят деген болу керек қой", – деді марқұмның сіңлісі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.