Депутат сапар барысында Мұса Шорман ауылының тұрғындарымен де кездесті.
Сенатор Алтынбек Нухұлы Павлодар облысының тұрғындарымен кездесті
1,016
оқылды

Парламент Сенатының депутаты Алтынбек Нухұлы Баянауыл ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысының барысымен танысты. 

Құны 2,5 млрд теңге болатын нысанның құрылысын ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланып отыр. Алтынбек Нухұлы құрылыс алаңынан кейін Баянауыл ауданының ақсақалдарымен және активімен кездесу өткізіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын талқылады.

Депутат сапар барысында Мұса Шорман ауылының тұрғындарымен де кездесті. Жүздесу кезінде Сенат қызметінің қорытындылары, сондай-ақ академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған шараларды іске асыру барысы туралы айтып берді. Сенатор сонымен қатар «Ауыл кітапханаларына 100 кітап» республикалық шарасы аясында Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп кітапханасына кітап сыйлады. 

Депутат облыс әкімімен кездесу барысында павлодарлықтарды алаңдатып отырған өңірдегі өзекті мәселелерді талқылады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.