ТЖМ мамандары қазақстандықтарға ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді.
ТЖМ Қазақстан халқына аса қауіпті жағдай туралы ескертті
ТЖМ
2,032
оқылды

Табиғатта болған кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау керек, өрт өте қауіпті, – деп жазады Aikyn.kz.

«Табиғи өрттердің пайда болуының негізгі себептері – халықтың отты абайсыз қолдануы және найзағай разрядтары.

Орман және дала алқаптарында жанып жатқан сіріңке мен темекі тұқылын тастауға тыйым салынады. Сондай-ақ от жағу, қоқыс пен құрғақ шөпті жағу, шыны заттарды (бөтелкелерді), май жағылған немесе жанғыш заттар сіңірілген материалдарды қалдыру аса қауіпті», – деп ескертті ведомство қызметкерлері.

Табиғаттың тағдыры адамдардың қолында.