Ақтөбеде мас адам қаңғыбас итті кіреберісте пышақпен тілгілеп, оны баспалдақ алаңында қалдырып кеткен, –деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Диапазон» басылымы жазғандай, оқиға 10 шілдеде Рысқұлов көшесінде болған. Жергілікті еріктілер Людмила мен Салтанат зардап шеккен жануарға көмек көрсету үшін оқиға орнына келеді. Алайда олардың айтуынша, полиция еріктілерге қансыраған жануарды бермеген.
«Бізге Қарлығаш деген қыз келіп, Рысқұлов көшесінде итті тілгілеп тастағанын, бірақ жануардың тірі екенін айтты. Біз келген кезде бүкіл баспалдақ алаңы қан боп жатты! Оқиға орнында полиция да, бізден көмек сұраған қыз да болды. Итті тілгілеп тастаған адам пәтеріне құлттанып алған. Біз итті алып кеткіміз келді, бірақ полиция тергеу жұмыстары жүріп жатқан кезде оны бермейтінін айтты. Бірақ ит көп қан жоғалтты, оған шұғыл көмек көрсету керек еді», – деді ерікті Людмила.
Аталған оқиға Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінде түсіндірілді.
«Осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 316-бабы ("Жануарларға қатыгездік көрсету") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті полиция бөліміне жеткізілді. Қылмыстық істі тергеу барысы облыстық ПД басшылығының бақылауында», – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.