Оның аяғы ғана сынған.
Ақмола облысында байланыс компаниясы қызметкері 30 метр биіктіктен құлап, аман қалды
Ақмола облысы ТЖД
1,115
оқылды

Ақмола облысында биіктігі 32 метр мұнараның төбесінен құлап, аяғын сындырып алған мобильді байланыс компаниясының қызметкері аурухана жатқызылды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жазатайым оқиға Целиноград ауданының Ақмол ауылында болған. Жылу орталығының биіктігі 32 метр мұнарасының жоғары тұсында орналасқан ұялы байланыс антеннасын жөндеу кезінде мобильді байланыс компаниясының қызметкері абайсызда құлап кеткен.

«Ер адам үш метр төмен орналасқан құрылыс алаңына құлап, аяғын сындырып алды. Зардап шеккен адамды Ақмола облысы ТЖД құтқарушылары автокранның көмегімен жерге түсіріп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды»,  деді ведомстводан.