Өнер иесі өзін көре алмайтындарды бұғаттайтынын ескертті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
"Мен парақшамда өзіме және басқаға сөз тигізгендерді блокқа жіберемін. Сондай-ақ жазбасқа амалы болмай, бірақ бұғаттап тастайды деп қорқып, астарлап тиісіп жазатындарды да блокқа жіберемін. Адамның ниетін сеземін. Фейктен ішіндегі зарын жазатындарды да бұғаттаймын.
Менің әлемімде өнерді, білімді, әдемілікті, стильді, эстетиканы және әрине махаббатты түсінетін аз ғана адам болса, сол маған жеткілікті. Ешкіммен ұрысып, таласып, біреуге бірдеңе дәлелдеп өмір сүргім келмейді. Менде үйлесімділік", – деп жазды Ерке Есмахан.