"ҚазАвтоЖолда" бұл шаралар жол жабынын сақтауға және жоғары температура жағдайында жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталғанын айтты.
Қазақстанда жүк көліктері қозғалысына уақытша шектеу енгізілді
gorod48.ru
1,406
оқылды

Жыл сайын жазғы уақытта Қазақстанда жүк көліктері қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Шектеулердің мерзімі өңірлерге байланысты 1 маусымнан 31 тамызға дейін, 1 маусымнан 15 тамызға дейін енгізіледі. Жыл сайын 1 маусым мен 31 тамыз аралығында, ауа температурасы 25°С жоғары болған кезде сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін келесі аймақтарда жүк көліктерінің қозғалысына шектеулер енгізіледі:

Алматы облысы;

Атырау облысы;

Жамбыл облысы;

Жетісу облысы;

Ұлытау облысы;

Қызылорда облысы;

Түркістан облысы;

Маңғыстау облысы.

Жыл сайын 1 маусым мен 15 тамыз аралығында, ауа температурасы 25°С жоғары болған кезде сағат 11:00-ден 21:00-ге дейін келесі аймақтарда жүк көліктерінің қозғалысына шектеулер енгізіледі:

Абай облысы;

Ақмола облысы;

Ақтөбе облысы;

Шығыс Қазақстан облысы;

Батыс Қазақстан облысы;

Қарағанды облысы;

Қостанай облысы;

Павлодар облысы;

Солтүстік Қазақстан облысы.