Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары халықаралық және республикалық маңызы бар жолдардың бойында орналасқан барлық қоғамдық дәретхананы тексерді, – деп жазды Aikyn.kz.
Бүгінде жүргізілген тексеру жұмыстары барысында жол бойындағы 52 дәретханада санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды өрескел бұзу фактілері анықталды.
"Осыған байланысты «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ және «КАЖсервис» ЖШС-на қатысты әкімшілік іс қозғалып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылды", – деп хабарлайды Қазақпарат.