Тізімде 169 ел бар.
Қазақстанда жанармай арзан ба, қымбат па?
Ашық дереккөз
2,571
оқылды

Қазақстан әлем бойынша жанармай бағасы арзан елдер рейтингінде 11-орында тұр, – деп жазады Aikyn.kz.

Есепті  GlobalPetrolPrices жасаған. Бұл ресурс 150-ден астам елдегі мотор отыны, электр энергиясы және табиғи газдың бөлшек сауда бағасын бақылап отырады. 

Жанармайдың Қазақстандағы орташа бағасы литріне 0,51 доллар шамасында. Ал әлем бойынша орташа құны 1,32 доллар екен. Дегенмен әлем елдері арасындағы баға айырмашылығы әжептәуір екенін атап өту керек.

Мысалы, ең арзан жанармай Иранда. Ол жақта литрі – 0,029 доллар. Ал ең қымбаты – Гонконгта (3,2 доллар).

«Негізі бақуатты елдерде, әдетте, баға қымбаттау болады. Ал енді жағдайы нашарлау не мұнай шығарып, өндіретін елдерде арзандау. Бірақ АҚШ-тың жағдайы басқаша: мұнда экономика өте дамыған, бірақ соған қарамастан жанармай қымбат емес. Елдер арасындағы баға айырмашылығы түрлі салық пен субсидияларға байланысты», – делінген онлайн-порталдың жасаған қорытындысында.

Портал жасаған кестеде екі түрлі баға бар. Кей елдерде баға өзгерісі апта сайын жаңартылып отырады (жұлдызша қойылған). Ал кейбірі ай сайын жаңарады. Себебі жанармай нарығы реттеліп, үнемі өзгеріп отырады. Бұл кестеде Қазақстанға жұлдызша қойылмаған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram  арнасынан таба аласыз.