Біреулері кінә еркектен деп әйелді жақтаса, енді бірі еркекке қол көтеруді дұрыс санамаған.
Енді қатындар құтырсын: Ер адамды ұрып жатқан әйелдің бейнежазбасы тарады
Видеодан алынған кадр
831
оқылды

Желіде белгісіз әйел ер адамды аяусыз шелекпен ұрып жатқан бейнежазбасы тарады, –деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бейнежазбадан әйелінің күйеуін соққының астына алғанын көруге болады. Артынша кішкентай бүлдіршін келіп, таяқ жеген ер адамға аянышты қарайды.

Желі қолданушылары бұған қатысты неше түрлі пікір жазған. Біреулері кінә еркектен деп әйелді жақтаса, енді бірі ер кісіге қол көтеруді дұрыс санамаған. 

«Арақ ішіп күйдіріп жіберген шығар, қадірі кетсе еркектің де кінәсі бар, бір жақты қарамау керек», «Арақты ішіп-ішіп ит болған еркектің түрі сияқты ғой. Отбасын асырамай әйелі жеріккен ғой деймін. Алла куә кім қандай екенінде», «Көп әйелдер күліпті. Бұл күлетін нәрсе емес. Сол еркектің орнында сенің әкең, ағаң, інің, балаң болуы да мүмкін», – деп жазды олар.

Аталмыш видеоның қайда түсірілгені белгісіз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram  арнасынан таба аласыз.