Мұндай ақпаратты Астана қалалық Полиция департаменті таратты.
Шымкенттің экс-әкімінің бауыры уақытша ұстау изоляторына қамалды
Фото: istockphoto.com
2,491
оқылды

Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Мұрат Әйтеновтің туған ағасы Марат Әйтенов ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Сондай-ақ департамент атышулы осы оқиғаға қатысты ақпарат желіде желдей ескен соң тергеу амалдары да басталғанын мәлімдеді. 

Фото: КазТАГ

М.Әйтеновтің үстінен «Отбасы-тұрмыстық қатынастары саласындағы заңға қайшы келетін әрекеттері фактісі негізінде әкімшілік іс қозғалып отыр.

"Ол уақытша ұстау бөлмесіне орналастырылған. Материал сотқа жіберілді. Сонымен қатар дене күшін қолдану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деп хабарлады полиция.

Еске сала кетсек, жұма күні М.Әйтеновтің бұрынғы жұбайын балаларымен бірге үйден сүйреп шығарып жатқан видеосы әлеуметтік желіде тарады. Ал ертесі күні жәбірленуші әйел әлеуметтік желі арқылы Мемлекет басшысынан көмек сұрап, үндеу жариялады. Әйелдің айтуынша, оның бұрынғы күйеуі соңғы жылда олардың өмірін тозаққа айналдырып жіберген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram  арнасынан таба аласыз.