Ол отбасылық жанжал кезінде бұрынғы жұбайының қадір-қасиетін қорлап, оған дөрекі сөйлеген.
Шымкенттің экс-әкімі Мұрат Әйтеновтің ағасы қамауға алынды
1,389
оқылды

Жоғарғы сот Шымкенттің экс-әкімі Мұрат Әйтеновтың ағасы Марат Әйтеновке қатысты ісі қарады. Әйелін балағаттап, оған қол көтерді деп айыпталған күдікті өз кінәсін мойындаған жоқ.

Істің мән-жайы бойынша, құқық бұзушы үйдегі отбасылық жанжал кезінде бұрынғы жұбайының қадір-қасиетін қорлап, оған дөрекі сөйлеген. Осылайша басқа адамдардың да тыныштығын бұзған.

“Сот отырысы барысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындаған жоқ. Айтуынша, бұрынғы жұбайы оның өтінішімен балаларын беруден бас тартып, олардың қолдарынан ұстап жібермегені. Ол балаларды әкету үшін еденде отырған әйелдің аяғынан тартқан. Сондай-ақ ол әдепсіз сөз айтпағанын, оны ұрмағанын айтып ақталды”, – делінген хабарламада.

Жәбірленушінің айтуынша, бұрынғы күйеуі оны көшіру кезінде күш көрсетіп, оған шабуыл жасап, оны ұрған. Жасалған құқық бұзушылықтың мән-жайлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, бейнежазбамен, жәбірленушінің түсіндірмелерімен расталады.

“Жоғарыда келтірілген мән-жайларды, сондай-ақ жұртшылыққа теріс әсер ететін және жеке адамның құқықтарына қол сұғатын жасалған іс-әрекеттің дәрежесі мен сипатын ескере отырып, құқық бұзушы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Оған жаза тағайындалып, 5 тәулікке қамауға алынды”, – деп мәлімдеді ведомство.