Бұл туралы венчурлық инвестиция жөніндегі сарапшы сұхбат барысында айтты.
«Баласын орыс мектебіне беріп жатқандарды түсінбеймін де, қабылдай алмаймын да»: белгілі кәсіпкер Әділ Нұрғожин
kdb.kz
6,328
оқылды

Венчурлық инвестиция жөніндегі сарапшы, кәсіпкер Әділ Нұрғожин Ulysmedia.kz порталына сұхбат беріп, нағыз кәсіпкердің бейнесі қандай болатынын, баласын орыс тілінде оқуға кімдер беретінін, жеке деректерді қорғау және киберқауіпсіздік мәселелері туралы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Ulysmedia.kz сайтына сілтеме бере отырып.

БҰРЫНҒЫДАЙ СТЕРЕОТИП ЖОҚ

Әділ Нұрғожин балаларды орысша оқыту керек деген стереотиптен аулақ болу керек екенін айтты. 

“Менде ондай стереотип болған да жоқ. Балаларды орыс мектептеріне беру керітартпа, білімі жоқ адамдардың шешімдері. Өз балаларын орыс мектептеріне беретін адамдардың сана-сезімі сол деңгейде. Олар басқа тілдерді білмейтін, көзі жабық адамдар. Әлемнің қатты өзгеріп кеткенін, басқаша болып кеткенін көрмейтіндер. Қазіргі күнделікті өзгерістер қарқынына лайық болу үшін бірден ағылшынға көшу керек. Бізге ондай керітартпа делдалдардың керегі жоқ. Соны түсінбейтін ата-аналар өз балаларын орыстілді мектептерге береді. Ол стереотип”, – деді ол. 

Ол қазіргі сөйлесіп жатқан стартаптардағы жастардың көбі қазақша, ағылшынға, орысша, итальянша, қытайша білетінін, көбі қазақтілді мектептерді бітіргенін айтады.

“Ешқандай айырмашылығы жоқ. Өтірік далбаса әңгіме. Деңгейлері өте жоғары. Балаларын орыс мектептеріне беріп жатқандарды түсінбеймін, келіспеймін, қабылдай алмаймын. Өмір көрмеген адамдардың шешімдері деп ойлаймын. Баланың мүмкіндіктері шексіз. Біздің стереотиптеріміз ата-аналардың проблемалары, ата-аналардың травмалары. Ата-аналардың артқа тартқан стереотиптік ойлары. Баланың шектеуі жоқ. Балаға қанша мүмкіндік туғызсаң, сонша мүмкіндік алады. Қанша білім берсең, сонша жұтып алады. Ал оны қайтадан өткен шаққа тығуды мен түсінбеймін, қабылдай алмаймын.”, – деді ол. 

ЖАСТАРДЫҢ ЖЕҢІЛ АҚШАҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ

Сонымен қатар ол қазіргі кезде болып жатқан жеңіл ақша туралы хайптардың өткінші екенін айтты. 

“Ол өтеді. Әр адам өзі қателіктер жасап, өзі үйренеді. Бұл нарыққа сұраныс жоқ. Блогерлер арасындағы бәсекелестік, медиа саласындағы бәсекелестік басқаға қарағанда мың есе артық, оны түсінбейтіндер көп. Қазір басында бастап кеткен блогерлердің деңгейіне жету үшін олар ең басынан бастау керек, трафик, бәрімен бәсекеге түсу керек, қандай да болсын контентті беру үшін артында жатқан еңбек бар, өмір, тәжірибе, нетворк, басқа да нәрселер бар. Мұның барлығы еңбек. 10 мың сағат деген концепция болды, әрбір мамандық үшін, блогерлер үшін де солай. Әрбір мамандық үшін 5 жыл еңбек ету керек. 5 жылдан кейін тереңдік болады, ішіндегі контент болады, ішіндегі маман ретінде қалыптасқан нетворк болады. Қабылдау болады, абырой болады. Соның арқасында ақша келе бастайды. Ол тез болмайды. Бірақ айтудан еш пайда жоқ. Олар өз қателіктерін өздері жасап, сезініп, ойланып толғанып, керек болса жылап, содан өту керек тәжірибеден”, – деді сарапшы.