БҚО-да бір ауылдың үш қызы суға батып кетті. Бұл туралы Kazinform жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қайғылы оқиға 11 шілде күні Ақжайық ауданы Мерген ауылы маңында болған.
«Сол күні Жайық өзені жағасынан шомылуға тыйым салынған жерден белгісіз жағдайда жоғалып кеткен үш жасөспірімнің заттары (велосипед, киімдері) табылды. БҚО ТЖ департаменті құтқарушыларының күшімен 2010 және 2011 жылғы қыздардың денесі судан шығарылды. Жасөспірімдерді іздеуге ТЖ, Полиция департаменті, жергілікті атқарушы органдар және тұрғындар есебінен 70 адам, 20 техника жұмылдырылды», – деп хабарлады ведомстводан.
Олардың екеуінің денесі сол күні, үшіншісі 12 шілде күні судан табылды.
Тұрғындардың сөзіне қарағанда, қыздар бір сыныпта оқыған. 14 шілде күні үшінші қыз жерленді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Тelegram арнасынан таба аласыз.