Шымкент әкімдігі малда бруцеллез инфекциясының анықталуына байланысты шектеу шараларын енгізуді жоспарлап отыр.
Ауру тарап жатыр: Шымкентте шектеулер енгізіледі
7,546
оқылды

Ветеринария және ауыл шаруашылығы басқармасы әзірлеген бұйрықтың жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Құжатқа сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі Т.Құрасбек пен Бабыр көшелерінің бойында шектеу іс-шараларын белгілеуге қаулы етті. Шектеулерге сай, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты әкетуге және әкелуге тыйым салынады. Бұл шаралар мал басы толық сауыққанға дейін қолданылады.

Бруцеллез – ұсақ мал мен ірі қараға әсер ететін жұқпалы ауру. Бұл жануарларға ғана емес, адамдар үшін де қауіпті. Өйткені ол жануарлардан алынатын өнімдер мен жұқтырған жануарлармен байланыс арқылы адамдарға жұғуы мүмкін.