Психолог, 7 баланың анасы Нұргүл Даубаева сүт кенжесінің қырқынан шығару рәсімін экс-депутат Бекболат Тілеухан мен оның әйеліне жасатқан, – деп хабарлайды Aikyn.kz Аzattyq-ruhy.kz-ке сілтеме жасап.
«Алланың бұйыртқаны, Алматыда Асанәлінің қырық күнге толған маңызды күнінде кіндік әке-кіндік анасы Бекболат ағамыз бен Кенже әпкем қарын шашын, тырнағын алып, бір үлкен іс атқарды», – деп жазды Даубаева.
Бекболат Тілеуханның өзі сәбидің шашын қиып, тырнағын алған. Алайда бұл әрекетті оқырмандар түсінбейтінін жазған.
«О заман да, бұ заман, еркек қырқынан шығарғанды бірінші рет көріп тұрмын. Еркек, ер адам қырқынан шығармайды ғой. Күннен-күнге неше түрліні шығарады. Бекболат жұмыс ауыстырған ба, бір күні әйелдерді босандырып жүрсе, таңғалмаймын. Салтты бекер бұрмаладың. Кіндік атасы дегені несі, неше түрліні шығарады. Қошеметке лайықты адам тапқан екенсіңдер», – деп жазды олар.
Кейін Бекболат Тілеухан сәбидің атын азан шақырып, «Асанәлі» деп қойып береді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Тelegram арнасынан таба аласыз.