Полиция департаменті аталған жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті іздестіріліп жатқанын хабарлады.
Қылмыстық іс: «Мопед жүргізушісі өзіне ескерту айтқан әйелді ұрды»
1,091
оқылды

Алматыда мопед жүргізушісі өзіне ескерту айтқан әйелді ұрып жіберді. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Онда оқиға 15 шілде күні сағат 23.00-де Әуезов ауданында болғаны айтылған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция департаменті аталған жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті іздестіріліп жатқанын хабарлады.

– Бұл дерек бойынша жәбірленуші полицияға бүгін арызданған. Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Мопед жүргізушісінің жеке басын анықтап, жауапкершілікке тарту бойынша кешенді шаралар жүргізіліп жатыр. Алған жарақатының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды, – дейді қалалық ПД баспасөз қызметі.