Қайғылы оқиға Қосшыда болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Белгілі болғандай, колледж студентінің денесі 15 шілдеде табылған. Тұрғындардың айтуынша, жасөспірім жекеменшік мектептен шамамен 60 метр қашықтықта орналасқан ферма ғимаратындағы металл құрылымға асылып қалған.
Полиция оның мұндай қадамға неге барғанын анықтауда. Ақмола облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 17 жастағы жігіт Астана тұрғыны, бірақ өзі Көкшетауда білім алады екен.
Тергеу басталды. Қазір полиция қызметкерлері қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, – делінген ПД мәліметінде.
Іс Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша тіркелді.
Прокурорлар жас жігіттің 14 шілде күні кешке суицид жасағанын алға тартады. Ал полицияға 15 шілде түнде хабарланған.