Оқиға бүгін болған.
Қосшыда 6 жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті
1,587
оқылды

Қосшы қаласындағы тұрғын үйдің төртінші қабатының терезесінен құлап кеткен 6 жасар бала ауруханаға жатқызылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жазатайым оқиға 16 шілдеде болған. 

«Ата-анасы көз жазып қалған 2018 жылғы ұл бала абайсызда төртінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті. Қазіргі кезде ол ауруханаға жатқызылды», – деді ведомстводан.

Осы ретте, тәртіп сақшылары ата-аналарды кішкентай балаларды терезесі ашық бөлмеде қараусыз қалдырмауға шақырады.