Өртті сөндіруге қоймадағы тұтанғыш заттардың көп болуы қиындық тудырып жатыр.
Алматыдағы барахолкадан  өрт шықты
Досбол Атажан
1,389
оқылды

Алматыдағы «Мизам» базарында от тұтанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Kazinform-ға сілтеме бере отырып.

– Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары Алатау ауданы Солтүстік айналма, 78 мекенжайы бойынша люстралар сақталған екі қабатты қоймадағы өртті өшіруде. Кеш хабарлау салдарынан тілсіз жау айналасына тез тарап кеткен. Өртті сөндіруге қоймада тұтанғыш заттардың көп болуы қиындық туғызып, кедергі келтіріп жатыр⁠, – деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram  арнасынан таба аласыз.