Алматы әуежайы баспасөз қызметі осы жайтқа қатысты түсінік берді.
Алматы әуежайының жаңа терминалы су астында қалды
Фото: видеодан кадр
2,657
оқылды

Әлеуметтік желіде Алматы халықаралық әуежайының жаңа терминалын су басқаны түсірілген видео тарады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Жауын салдарынан перрон жағындағы нөсер канализациясы ішінара бітеліп қалған. Алматы әуежайы баспасөз қызметі осы жайтқа қатысты түсінік берді.

«Биіктіктің айырмашылығына байланысты ескі және жаңа терминал арасында жаңбыр суы жиналып қалды. Салдарынан халықаралық рейстердің келу залын су басты. Бұл мәселені шешу үшін әуежайдың барлық қажетті қызметтері жұмылдырылды. Қазіргі уақытта техникалық қызметтер нөсер канализациясын тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Халықаралық рейстердің ұшып кету аймағында рейстерге қалыпты жағдайда қызмет көрсетіледі. Ұшып келетін рейстерге уақытылы қызмет көрсету үшін барлық қажетті шаралар қолданып жатыр. Осы салдардан туындаған барлық зардаптар жақын арада жойылады", – делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram арнасынан таба аласыз.