Өнер иесі әлеуметтік желіде 2009 жылы түсірілген бейнежазбасын жүктеді.
33 мың долларға жасатқан: Мақпал Жүнісова күйеуінің ерекше сыйлығын көрсетті
898
оқылды

Танымал әнші Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділов сыйлаған баскиімін көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Өзі сондай ерекше, 33 мың долларға жасатқан. Күйеуімнің маған берген сыйлығы, мәңгілік бағалы сыйлық болып қалады", – дейді Мақпал Жүнісова видеода баскиімін көрсетіп жатып. 

Өнер иесі бұл баскиімін тек Алматыда киеді екен. Салмағы ауыр болғандықтан басқа қалаға тасып жүру қиындық туғызады.

Мақпал Жүнісова тіпті бұл баскиімі "қолды болып кете ме, біреу ұрлап кете ме" деп уайымдайтынын да жасырмады. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram  арнасынан таба аласыз.