Жыл басынан бері 5,9 миллиард теңгенің мүлкі мен акциясы мемлекетке қайтарылды.
Шымкентте заңсыз иемденген мүлік пен акция мемлекетке қайтарылды
1,333
оқылды

Бұл туралы Шымкент прокуратурасына хабарлады. 

"Осылайша, сот азамат Б. Ибрагимнің қылмыстық жолмен алған жер учаскесі мен құрылыстарды мемлекетке қайтару туралы қала прокуратурасының талап арызын қанағаттандырды.

Бағалау қорытындысына сәйкес құны 357,7 миллион теңге болатыны көрсетілген жылжымайтын мүлік Шымкент мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне берілді", – делінген хабарламада.

Шымкент қаласының прокуратурасы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару бағытында жұмыстарды жалғастырып жатқаны айтылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram  арнасынан таба аласыз.