Бұл туралы танымал тележүргізуші Қымбат Досжан әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.
Жәнібектің анасы қайтыс болды
7,046
оқылды

Арқалықтағы балалар үйінен Жәнібек Савельевті асырап алған Бельгия азаматы Валери қайтыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы «Бармысың, бауырым» хабарының жүргізушісі Қымбат Досжан айтты.

«Достар, Жәнібекті асырап алған Валери анасы бұл өмірмен қош айтысты. Эвтаназия тәсілімен. 20 жылдан бері Жәнібектің анасы болған, өзі ауырса да, мейірімін Жәнібекке бере білген Валеридің мәңгілік өмірі енді басталды. 54 жас. Жәнібек, берік бол…», – деп жазды Қымбат Досжан Instagram парақшасында.

Айта кеткен жөн, Қазақстанға туған анасын іздеп келген Жәнібек қазақстандықтарға үндеу жасап, туған анасын табуға көмектесуді сұраған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram  арнасынан таба аласыз.