Татарстандағы Қазандағы Ирек мешітінің имамы Тимур Камаев тосын мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты «Татар-информ» басылымына сілтеме жасап.
Ол ислам діні әйелді ұруға тыйым салады, бірақ жарақат салмайтын жеңіл соққылар жасауға болатынын айтты. Сонымен қатар, әйел дұрыс емес әрекет жасаса, күйеуі ескертуден бастау керек, ал шектен шықса ұруға болатынын айтады.
Имамның сөзінше, кішкентай таяқпен әйеліңізді абайлап бірнеше рет ұруға болады дейді.
Ұрғаныңыз әйеліңізге зиян тигізуі керек дегенді білдірмейді. Бұл жерде әйел адам өзінің дұрыс емес әрекет жасап жатқанын түсінуі керек. Мәселе адамды ұрып, көгерген із қалдыруда емес, оның артық кетіп бара жатқанын ақырын ескертуде, – дейді имам.
Бірақ аталған басылым имамның сөзі интернетте қатты бұрмаланып кеткенін айтады. Себебі ол видеода бірнеше рет "әйелді ұрып-соғуға болмайды" дейді. Иә, имам Тимур Камаев әйелді ұруға исламда тыйым салынғанын айтты. Ұрып-соғу адам құқығын бұзатынын түсіндірді.
Татарстан Мұсылмандары Діни Басқармасы да бейнероликтің толық нұсқасымен танысуды ұсынды. Олардың айтуынша, подкастта «шабуылға жол берілмейтіні, біреуді ұрып-соғу және оған физикалық, моральдық зиян келтіру Исламда күнә саналатыны туралы» айтылған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Тelegram арнасынан таба аласыз.