Бұл туралы оның әпкесі хабарлады.
«Соңғы рет өзбек жігітімен сөйлескен»: Алматыда 16 жастағы қазақ қызы табылмай жатыр
Айкүмістің әпкесі Айданадан
8,040
оқылды

Алматы облысында 16 жастағы жасөсіпірім қыз үш күннен бері табылмай жатыр. Ол балмұздақ әкелемін деп дүкенге шыққаннан із-түзсіз жоғалған. Жақындары кейіннен оның өзбекстандық жігіті болғанын және соңғы рет сол адаммен байланысқа шыққанын жеткізді. Алайда полицейлер қызды әлі іздестіріп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Жоғалған жасөспірім Айкүміс Қуатбектің әпкесі Айдана сіңлісінің жағдайына алаңдаулы. Айтуынша, үш күннен бері қыздан еш хабар жоқ. 

“14 шілде күні балмұздақ алып келемін деп дүкенге шығып кеткен. Содан оны ешкім көрмепті. Достарынан да сұрап көрдік. Жоғалғаннан кейін 2 сағаттан соң полицияға хабарластық. Кейін оның өзбекстандық жігіті болғанын білдік. Алайда ол жігітті танымаймыз да. Соңғы рет сол жігітпен сөйлескен. Егер алып қашқан болса, ендігі хабар бермейтін бе еді? Әлі табылмай жатыр, алаңдап отырмыз”, – деді әпкесі Айдана. 

Айкүміс 14 шілде күні сағат 17:00-дерде Еңбекшіқазақ ауданы, Қырбалтабай ауылындағы Әубәкіров, 13 көшесіндегі үйінен шығып кеткен. 

Жеке белгілері: Бойы 155-160 см, дене бітімі толықтау, шашы қара, иығынан асады, көзі қоңыр. Қыздың үстінде қара сұрғылт жейде мен қара шалбар болған. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram  арнасынан таба аласыз.