Жарақатына байланысты екі жылдық үзілістен кейін кортқа оралған қазақ теннисшісі осыған дейін Уимблдонда өнер көрсетіп, іріктеу сайыстарының финалында жеңіліп қалған еді.
Зарина Дияс Испаниядағы жарыста екінші айналымға шықты
ҚТФ
917
оқылды

Қазақстандық теннисші, әлемнің 702-ракеткасы Зарина Дияс Витория-Гастейс ( Испания) ITF W100 турнирін жеңіспен бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жарақатына байланысты екі жылдық үзілістен кейін кортқа оралған қазақ теннисшісі осыған дейін Уимблдонда өнер көрсетіп, іріктеу сайыстарының финалында жеңіліп қалған еді.

Бұл жолы Зарина алғашқы айналымда испаниялық Гаэтана Гайдың есе қайырды – 6:4, 6:2.

Зарина Дияс ширек финалға шығу үшін әлемнің 131, осы жарыстың 2-ракеткасы, франциялық Джессика Поншемен таласады. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram  арнасынан таба аласыз.