Республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Хромтау-Ұлғайсын» жолы төрт жолақты болады. Қазір қайта құру жұмыстары басталып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Көлік министрлігінің мәліметінше, бұл жол I техникалық санатқа ие болып, төрт жолақты жолға айналады. Құрылыс жұмыстары Ақтөбе өңірінің Хромтау ауданында жүріп жатыр. Жаңа төрт жолақты жол Хромтау қаласының қасында басталып, Ақжар ауылы мен Жазық бекеті арқылы өтеді. Бұл учаскеде 2 көпір мен 2 жол айрығы салынады.
Ақтөбе өңіріне жұмыс сапары аясында құрылыс жұмыстарының барысын Көлік министрі Марат Қарабаев тексерді.
«Нысан басында 120 маман мен 100 бірлік арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Құрылыс жұмыстары қарқынын арттыру мақсатымен тағы да қосымша мамандар мен арнайы техника жұмылдыру көзделді. Биыл мердігер ұйымдар барлық жер жұмысын аяқтап, сондай-ақ еріген қар суын өткізуге мүмкіндік беретін су өткізгіш құбырларды салады»,- деп айтты Марат Қарабаев.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Тelegram арнасынан таба аласыз.