Оның 105 жұмыс беруші де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жыл басынан заңсыз еңбек қызметінің 307 фактісі анықталды
www.istockphoto.com
944
оқылды

Павлодар облысының Көші-қон полициясының қызметкерлері Кенжекөл ауылдық округінің аумағында шетелдік азаматтардың еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыру фактісін анықтады. 

Жұмыс барысында Өзбекстанның алты азаматы екі қабатты ғимарат салумен айналысқаны анықталды, бұл ретте оларда рұқсат құжаттары ресімделмеген.

"Шетел азаматтарына қатысты әкімшілік материалдар толтырылып, сотқа қарауға жіберілді. Сондай-ақ жұмыс беруші айыппұл түрінде жауапқа тартылды", – деп хабарлады Павлодар облысы ПД көші-қон қызметі бастығының міндетін атқарушы Азамат Елеутаев.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram арнасынан таба аласыз.