Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хабарлады.
Астанада тағы бір көше жабылмақ
1,008
оқылды

«Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ Жұлдыз айналымында жол төсеміне жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы хабарлады, – дейді Aikyn.kz сайты.

Осыған байланысты осы жылдың 18-22 шілдесі аралығында жоғарыда аталған учаске жабылады. 

Астанада тағы бір көше уақытша жабылады
Фото: әкімдік

«Астана тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстары жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram арнасынан таба аласыз.