Қызметкерлер күдіктіні Бейнеу аудандық ауруханаға жеткізіп, асқазанына компьютерлік томография жасату арқылы бөгде затты анықтады.
Маңғыстауда Өзбекстан азаматы есірткі оралған пакетті жұтып қойды
1,063
оқылды

Оқиға Бейнеу ауданында орналасқан «Тәжен» кеден бекетінде болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Lada Largus» маркалы жеңіл автокөлікті тексеру кезінде 1991 жылы туған Өзбекстан азаматынан жасыл пакетке оралған зат табылды. Алайда шетелдік азамат тексерушілердің қолынан пакетті жұлып алып, жұтып қойған. Қызметкерлер күдіктіні Бейнеу аудандық ауруханаға жеткізіп, асқазанына компьютерлік томография жасату арқылы бөгде затты анықтады. 

Сот сараптамалық қорытынды бойынша тәркіленген зат салмағы – 1,26 грамм психотроптық метамфетамин гидрохлориді болып шықты. Қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Есірткі заттарын сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram арнасынан таба аласыз.