Маршрутқа қызмет көрсету үшін 10 автобус бөлінген, қозғалыс аралығы 10-15 минутты құрайды.
Астанада 20 шілдеден бастап жаңа маршрут жолға шығады
3,971
оқылды

20 шілде күні Астанада № 63 жаңа маршрут желіге шығады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бағыт «Теміржол вокзалы» – Жағалау (Ә. Бөкейхан атындағы Binom мектебі) арасында қатынайтын болады. Бұл бағыт бойынша Агротехникалық және Медициналық университеттерді, «Сарыарқа», «Keruencity» СОО, «Астана» базары ауданын, «Тұлпар» СО, «Шапағат», «Әсем» және «Сарыарқа» сауда үйлері қамтылады.

Маршрутқа қызмет көрсету үшін 10 автобус бөлінген, қозғалыс аралығы 10-15 минутты құрайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram арнасынан таба аласыз.