2024 жылы 5 шілдеде мемлекет басшысы "Адам саудасына қарсы күрес туралы" заңға қол қойды. Ол күнтізбелік 60 күннен кейін – 5 қыркүйекте күшіне енеді.
Бұдан былай интернет арқылы жыныстық қызмет көрсеткендер қылмыстық жауапкершілікке тартылады
288
оқылды

Заң Қылмыстық кодекске адам саудасымен байланысты қылмыстардың жаңа санатын енгізді. Сондай-ақ "жыныстық сипаттағы басқа қызметтер" жаңа тұжырымдамасы, оның ішінде интернет арқылы жыныстық қызмет көрсеткендер қылмыстық жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қылмыстық жауапкершілік мыналар үшін енгізіледі:

  • адамдарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды жыныстық сипаттағы өзге де қызметтер көрсетуге тарту, сол сияқты осы мақсаттар үшін жеңгетай болу;
  • осы қызметке тарту мақсатында, сол сияқты жеңгетайлық мақсатта жезөкшелікті, жыныстық сипаттағы өзге де қызметтерді насихаттау және (немесе) жарнамалау;​
  • телекоммуникация желілерін, оның ішінде интернетті пайдалану арқылы жезөкшелікпен айналысу, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтер көрсету және жеңгетайлық үшін притондарды ұйымдастыру немесе ұстау.

Бұл шараларды ұйымдастырушылар Қылмыстық кодекстің 134-бабы (Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту), 308-бабы (Жезөкшелiкпен айналысуға тарту) және 309-бабы (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық), әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 450-бабы (Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну) бойынша жауапкершілікке тартылады. 

Сонымен қатар Заңда жезөкшелік қызметін, кәмелетке толмаған адамның көрінеу көрсететін өзге де жыныстық сипаттағы қызметті алғаны үшін қылмыстық жауаптылық қарастырылады. 

Бұл Қылмыстық кодекстің 122-бабы (Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау) бойынша жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді.​

Адам саудасына қатысты қылмыстар бойынша татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату алынады.​

Қылмыстық-процестік кодексте жәбірленушінің арнаулы әлеуметтік қызметтер алуға құқығы көзделді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске медицина ұйымдарының және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың лауазымды адамдарының жаңа туған нәрестені тастап кету фактісі туралы хабарламағаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді.