Семіздікпен күресуге көмектесетін дәріні күніне бір рет қана қабылдаса жеткілікті.
Енді салмақ тастауға арналған дәрі шығарылмақ
872
оқылды

Америкалық Pfizer фармацевтикалық компаниясы семіздікпен күресуге көмектесетін дәрідегі дануглипрон препаратының қайта өңделген нұсқасына клиникалық зерттеу жүргізбек. Бұл туралы Аikyn.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Компания препараттың қолжетімділігіне қатысты болжам жасауға әлі ерте екенін атап өтті. Оның үстіне, арықтауға арналған дәрінің қай елдерде бірінші болып шығатыны және оның қатарында Қазақстанның болу-болмауы белгісіз.

Pfizer препаратты тіркеу туралы ақпарат жинау үшін 2024 жылдың екінші жартысында дозаны оңтайландыру бойынша зерттеулер жүргізуді жоспарлап отыр.

Pfizer Research and Development компаниясының бас ғылыми жетекшісі және президенті Микаэль Долстен дануглипронның GPP-1 нарығындағы әлеуеті белгілі. Сол себепті компанияның семіздік мәселесін шешуге деген ұмтылысын алға қоймақ.

Алдын ала зерттеу нәтижесі бойынша қатысушылар препаратты күніне бір рет қабылдап отырған. Сонда 1400-ден астам қатысушыда бауыр ферменттерінің деңгейін жоғарылатпағанын көрсетті. Сондықтан бұл – салмақ жоғалтудың қауіпсіз, тиімді және қол жетімділігін тәсілі. Осылайша Pfizer компаниясы дануглипронды дамытудың маңыздылығын арттыра түсті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram  арнасынан таба аласыз.