Төрт жылда бір рет өткізілетін Олимпиада ойындарын көрсетуге ЖИ көмектесетін болады. Ақылды машина спорт комментаторлармен бірге жарыстарды жаңа деңгейде түсіндіретін болады.
Жасанды интеллект Олимпиада ойындарында комментатор болады
Олимпиада ойындарын көрсетуге ЖИ көмектесетін болады. Фото AFP 2024 сайтынан алынды. Авторлығы: finam.ru сайтынан алынды. Авторлығы: Finam.AI
2,049
оқылды

Reuters агенттігі 26 шілде күні Парижде ашылатын ойындардың тікелей көрсетілімдеріне Google жасанды интеллекті қолданатынын хабарлады. Алғашында АҚШ жанкүйерлеріне ғана ұсынылатын бұл жаңашылдықты Aikyn.kz осы хабарламаға сүйеніп түсіндіреді.

Олимпиада жарыстарын тікелей эфирде сүйемелдейтін спорт комментаторларына ЖИ көмекші болады. Иллюстрация olympics.com сайтынан алынды

Әлемдік жарыстарды тікелей эфирде сүйемелдейтін спорт комментаторларының жұмысы енді жаңа көмекшімен толықты. Спорт тілшілеріне жарысты түсіндіру үшін ЖИ көмекші болады. Google компаниясы Париж Олимпиадасының АҚШ-тағы трансляциясына жасанды интеллекті қолданатын болды. Енді спорт ойындарын түсіндіруде көптеген мәліметтерді комментаторға ЖИ беріп отырады.

Бұл туралы технологиялық компания бейсенбіде (18 шілде) NBCUniversal және АҚШ Олимпиада және Паралимпиада комитетімен бірлесіп жариялады.

Google жасанды интеллект іздеу саласындағы АҚШ командасының ресми серіктесі болып бекітілді. «Бұл технологиялық компанияның спорттық коммерциялық емес ұйыммен алғаш рет ынтымақтастығын білдіреді» делінген үш ұйымның мәлімдемесінде.

Жаңаша форматты NBCUniversal телеарнасы көрермендерді, жастарды қызықтыру үшін енгізген. Фото Reuters сайтынан алынды. Авторы: Marko Djurica

Жаңаша форматты АҚШ аумағында ойындарды тарататын NBCUniversal телеарнасы тікелей эфирді көрмейтін аудиторияны, сондай-ақ онлайн клиптерді көруге үйреніп қалған жастарды қызықтыру үшін енгізген.

Comcast (CMCSA.O) иелігіндегі медиа компания бұған дейін ЖИ-мен жұмыс істейтін, адамды ауыстары алатын ЖИ спорт комментаторы жүргізетін жарыстарды көрсете бастайтынын айтқан болатын.

Олимпиаданы күндізгі уақытта және прайм-таймда көрсету кезінде NBCUniversal телеарнасының робот жүргізушілері жүзу жарыстары кезінде бассейн жолағы арасындағы қашықтықтың маңыздылығы, жеңіл атлетика сияқты белгілі бір спорт түрлерінің ережелері мен сипаттарын көрерменге қызықты етіп жеткізу үшін Google Search AI шолуларын пайдаланбақшы.

NBCUniversal телеарнасының робот жүргізушілері спорт түрлерінің ережелері мен сипаттарын көрерменге қызықты етіп жеткізеді. Фото finam.ru сайтынан алынды. Авторлығы: Finam.AI

Google компаниясының күнделікті ЖИ шолулары веб-сайт сілтемесін баспай-ақ іздеу сұрауларына жазбаша жауап береді.

Парижде комментатор болатын танымал әзілқой Лесли Джонс Google компаниясының Gemini жасанды интеллект үлгісін «жаңа спорт түрлерін зерттеп, көрермендердің көңілін көтеру үшін пайдаланатынын» болады дейді NBCUniversal телеарнасы. 

Президенттің қолынан Мемлекеттік Ту алған Қазақ елінің спортшыларына Олимпиаданың алтын, күміс медальдарын тағып келулеріне тілектеспіз. Фото Ақорда ресми сайтынан алынды

Париж Олимпиадасының ашылуы 26 шілдеде болады. Олимпиада ойындарына қатысушы Қазақ елінің спортшыларына алтын, күміс медальдар тағып келулеріне тілектеспіз.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.