CNBC телеарнасының кезекті хабарламасы азиялық ірі чип өндіруші компаниялардың акцияларының төмендеуіне арналды. Телеарна таратқан жаңалыққа сілтеме жасаған Aikyn.kz бұл төмендеудің саяси және экономикалық себептерін талдайды.
Taiwan Semiconductor Manufacturing Co. акциялары Азия саудасында 4,3%-ға төмендесе, жапондық Tokyo Electron инжинирингтік компаниялары 9%-ға, Screen Holdings 8%-дан астам құнын жоғалтты. Фото economictimes.indiatimes.com сайтынан алынды. Авторлығы: AP
Сәрсенбі күнгі (17 шілде) Bloomberg есебінде Байден әкімшілігі екі держава арасындағы шиеленісті одан әрі ушықтырып, Қытайға чип жасауға қажетті жабдықтар экспорттайтын компанияларға қатысты шектеулерді күшейтуді қарастыруы мүмкін екенін мәлімдеді.
Бұдан кейін әлемдегі ең ірі чип өндіруші Taiwan Semiconductor Manufacturing компаниясының акциялары бір сауда күнінде 4,3%-ға төмендеген.
Байден әкімшілігі екі держава арасындағы шиеленісті одан әрі ушықтырып, Қытайға чип жасауға қажетті жабдықтар экспорттайтын компанияларға қатысты шектеулерді күшейтуі мүмкін. Иллюстрация abc.net.au сайтынан алынды. Авторлығы: News Video
АҚШ экспорттық шектеулерді қатайту мүмкіндігін қарастыруы мүмкін деген хабардың аясында Wall Street-тегі (Нью-Йорктің Манхэттен ауданындағы шағын көшеде Нью-Йорк қор биржасы мен көптеген қаржы институттары орналасқан) технология секторындағы сатылымнан кейін Азиядағы чип өндірушілердің акциялары бейсенбіде (18 шілде) айтарлықтай төмендеген.
Әлемдегі ең ірі чип жеткізушісі Taiwan Semiconductor Manufacturing Co. акциялары Азия саудасында 4,3%-ға төмендесе, басқа чип өндірушілер де зардап шекті: жапондық Tokyo Electron инжинирингтік компаниялары 9%-ға, Screen Holdings 8%-дан астам құнын жоғалтты.
Литография материалдарын жеткізуші Tokyo Ohka Kogyo және Organo өнеркәсіптік су компаниясы сияқты чиппен байланысты басқа акциялар да сәйкесінше 4,53% және 3,13% төмендеді.
Тікелей шетелдік жеткізу ережесі (FDPR) АҚШ-қа шетелде өндірілген өнімдерді бақылауға мүмкіндік береді. Фото japantimes.co.jp сайтынан алынды. Авторлығы: Reuters / China Daily
«Соңғы жылдары чип компаниялары нарықтың сүйіктілері болды. Цифрландыру біз ұстайтын барлық құрылғыда кездеседі. Кез келген тарифтер мен сауда шектеулері осы чип компанияларына әсер етеді. Біз мұны бүкіл әлемде көріп отырмыз», – дейді Wealth Enhancement Group компаниясының аға портфолио менеджері Аяко Йошиока.
Оңтүстік Кореяның чип шығаратын компанияларының акциялары да төмендеу үрдісінен шет қала алмады: Samsung Electronics 2%, SK Hynix акциялары шамамен 5%-ға дерлік, ал SK Square 10% төмендеді.
Дегенмен Аяко Йошиока ұзақ мерзімді инвесторлар үшін құны арзандаған акцияларды сатып алуға жақсы мүмкіндік туғанын айтады.
«Нарықтың көпшілігі тек көңіл-күй мен тақырыптар бойынша қозғалады, әсіресе қысқа мерзімді перспективада. Ұзақ мерзімді перспективада сіз [жасанды интеллект] болашағына және оның көптеген компаниялар мен тұтынушылар үшін шынымен не істей алатынына назар аударуыңыз керек. Саяси дауылдар нарықтардағы теріс құлдыраудың катализаторы болуы мүмкін. Сол сияқты кірістер де катализатор бола алады. Өйткені кірістер маусымы алдында дәмелер жоғары... Бұл қысқа мерзімді перспективада кейбір акцияларға теріс қысым жасайды», – деп нарықтағы ауытқуларды түсіндірді Аяко Йошиока CNBC «Street Signs Asia» бағдарламасында.
Тікелей шетелдік жеткізу ережесі (FDPR) АҚШ-қа шетелде өндірілген өнімдерді бақылауға мүмкіндік береді. Тіпті егер олар АҚШ технологиясын өте аз пайдаланса да, бұл басқа елдердің компанияларына кедергі келтіруі мүмкін.
Дональд Трамп автограф беріп тұр. Оның мақсаты – Make America Great Again, Американың ұлылығына қайтарып, қайта ұлы жасау. Фото latimes.com сайтынан алынды. Авторлығы: Getty Images / Joe Raedle
Азиялық технологиялық акциялардың әлсіреуі Wall Street-тегі ASML және Nvidia акцияларының төмендеуіне әсер етті, олар сәйкесінше 12% және 7% жоғалтты.
Әлемдегі ең озық чиптер жасайтын машиналар шығаратын ASML Holdings екінші тоқсанда жақсы табыс туралы есеп бергеніне қарамастан, 12%-дан астам құнын жоғалтты. Arm, AMD, Marvell, Qualcomm және Broadcom акциялары да бір сауда күнінде 7%-дан астам төмендеді.
Қаржы нарығын қарапайым тілмен түсіндіретін әзіл видеоны мына сілтемеден көруге болады:
Сәрсенбіде Республикалық партиядан президенттікке үміткер Дональд Трамп Bloomberg Businessweek-ке қорғанысын күшейтіп, әскери қолдау көрсеткені үшін Тайвань АҚШ-қа қомақты қаржы төлеуі керек екенін айтқан. Ол сондай-ақ Тайваньды АҚШ-тың чип бизнесінің «шамамен 100%» иеленді деп айыптады. Бұндай сөздерді Трамп ЕуроОдақ елдеріне де жиі айтады.
«Make America Great Again» деген ұранмен президенттік сайлауға түскен Дональд Трамп АҚШ президенті болып сайланса әлемнің көптеген елдеріндегі жағдай күрт өзгеретін сияқты. Өйткені оның мақсаты – «Американың ұлылығын қайтарып, оны қайтадан ұлы держава жасау» екенін ол ашық айтуда. Бірақ Америка Құрама штаттары алдымен өзінің ішкі проблемаларын шешуі керектігін, бұрынғыдай «тегін достық» болмайтынын кешегі бизнесмен тура айтады, жақсы түсінеді.
Әлемдегі тұрақсыздық жағдайында Nvidia сияқты ірі компаниялар чип шығаруға қажетті (1) шикізатқа мол, (2) инвестициялық тартымдылығы жоғары, (3) адами капиталы дамыған тыныш айлақтар іздеуде. Бұл параметрлерге Қазақ елі толық жауап беретінін біздің Үкімет түсінеді деп ойлаймыз.
Осы мазмұнда Aikyn.kz сайты чип өндіруші компаниялардың өсу бағыттарын бірнеше мақалаларда талдаған. Бұл материалдарда болашақтың экономикасының іргетасы болатын әлеуеті бар ЖИ үшін қажетті графикалық процессорлар (чиптер) шығаратын зауытты Қазақстанда салу ұсыныстары бар:
«Қазақстан Nvidia-мен бірлесіп чип шығаратын зауыт салып, ондаған миллиард доллар табыс табады»
«Бір күнде 274 миллиард долларға өскен компания»
«Бұл компания 5 айда 1 триллионнан 2 триллионға өскен»
«Бүкіл әлем күткен оқиға: Nvidia Microsoft-ты басып озып, әлемдегі ең қымбат компания атанды»
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.