Әуе ұшағында досымен жанжалдасып, төбелес шығарған әншіні «Кармет» компаниясы Металлургтер күніне орай гала-концертке арнайы шақырып отыр.
Қайрат Нұртас қамаудан шыққаннан кейін қайда концерт береді?
5,817
оқылды

Қайрат Нұртас қамаудан кейінгі алғашқы концертін Теміртауда өткізетін болды, –  деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Әуе ұшағында досымен жанжалдасып, төбелес шығарған әншіні «Кармет» компаниясы Металлургтер күніне орай гала-концертке арнайы шақырып отыр. Іс-шара осы жексенбіде Астана алаңында сағат 18:00-де өтеді. Концертке кіру бәріне тегін.

Еске сала кеткен жөн, 5 шілдеде Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынған.

Қайрат Нұртасқа ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігі (жыл ішінде қайталап жасалған ұсақ бұзақылық) және ӘҚБтК-нің 73-баптың 1-1-бөлігі (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша айып тағылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram  арнасынан таба аласыз.