Іс материалдарына сәйкес, Әбілқайыр хан мен Сырым Датов көшесі қиылысындағы жолдың сапасы нашар болғандықтан, ер адам жол апатына түскен.
Оралдық азамат жол апатына түскені үшін әкімдіктен ақша өндіріп алды
BAQ.KZ
2,339
оқылды

Тұрғын көлігінің жөндеу жұмысына көп ақша жұмсаған, - деп жазады Aikyn.kz.

"Мой ГОРОД" сайты мәлімдегендей, ер адам тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі жол сапасына қатысты міндетін дұрыс орындамаған деп есептеген. Көлік иесі 788 мың теңге ақша өндіруді талап еткен. 

"Сот іс материалдарын зерделей келе, материалдық залалдың келтірілу фактісі әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс материалдарымен расталғанын анықтады. Бірақ сарапшының қорытындысы бойынша, көлікті жөндеу жұмыстарының құны 603 мың теңге болған", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Осыған байланысты сот талап-арызды ішінара қанағаттандырды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі ер адамның пайдасына 603 мың теңге материалдық шығынды және 6 037 теңге мемлекеттік баж салығын төлеуге міндеттелді.