Бүгін Астана қаласында жеңіл автокөлік өртенді.
Астанада өртеніп жатқан көліктен үш бала құтқарылды
458
оқылды

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт басталған сәтте көлікте үш бала болған, – деп жазады Aikyn.kz.

Оларды жанында тұрған куәгер алып шығып үлгерді.

ТЖМ күштерімен өрт шақырту түскен сәттен бастап 13 минут ішінде жойылды. Зардап шеккендер жоқ.

«Автомобиль көлігінде төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз», – делінген хабарламада.