Ұшақта шу шығарып, 15 тәулікке қамалған Қайрат Нұртас 20 шілде қамаудан босатылды, – деп жазады Aikyn.kz.
Өнер иесінің алғашқы концерті де қай қалада өтетіні белгілі болды.
“Қайрат Нұртас қамаудан шыққаннан кейін алғашқы концертін Теміртауда береді. Оны "Кармет" компаниясы Металлургтер күніне арналған гала-концертке шақырды. Іс-шара осы жексенбіде Астана алаңында сағат 18:00-де өтеді. Кіру тегін”, – делінген ресми мәлімдемеде.
Еске салайық, эстрада әншісі 5 шілде күні Алматы-Астана рейсінде төбелесіп, әдепсіз сөздер айтқаны үшін 15 тәулікке қамауға алынған еді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.