Ол аса ірі мөлшерде гашиш сатпақ болған.
Шығыс Қазақстанда есірткі курьері қолға түсті (видео)
564
оқылды

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері есірткі курьерін құрықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Тәртіп сақшылары есірткі курьерінен шамамен 340 грамм гашиш тәркіледі. Күдікті қамауға алынды, – деп мәлімдеді ШҚО Полиция департаменті.

"Көрші облыстың 28 жастағы тұрғыны Шығыс Қазақстан аумағында аса ірі мөлшерде есірткі сатуға тырысқан. Ұстау кезінде жедел уәкілдер оның көлігінің салонынан жалпы салмағы шамамен 340 грамм болатын өсімдік тектес есірткі заты – гашиш тәркіледі", – деп толықтырды департамент.

Сақшылар өткізу мақсатында есірткі заттарын сақтау, тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.