ҚР ТЖМ балалардың терезеден жиі құлауына байланысты ата-аналарға үндеу жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қарағанды облысының құтқарушылары балалардың терезеден құлап кетуіне жол бермеу мақсатында профилактикалық жұмыс жүргізді.
Көп қабатты тұрғын үйлердің тұрғындарына мобильді кешен мен дрондарды қолдана отырып қауіпсіздік ережелерін хабарлау жұмысы ұйымдастырылды.
«Құрметті азаматтар, балаларыңызға сақ болыңыздар! Балалардың терезеден құлап кетуіне жол бермеңіз!» – делінген хабарламада.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.