Демократиялық партиядан басқа кандидат шығады.
Джо Байден Президент сайлауына қатысудан бас тартты
Фото: instagram.com/ joebiden
1,276
оқылды

АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден өзін Президент сайлауына үміткерлер тізімінен алып тастағанын мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Ол Х әлеуметтік желідегі парақшасында үндеу жариялады.  Байден президент лауазымын мерзімі аяқталғанша атқаратынын, бірақ қайта сайлауға түспейтінін айтты.

«Мен үшін сіздердің президенттеріңіз ретінде қызмет атқару өмірімдегі ең үлкен құрмет болды. Мен қайта сайлауға түсуді көздегеніммен, отставкаға кетіп, мерзімім аяқталғанша президент ретіндегі міндеттерімді орындауға көңіл бөлуім партиям мен елімнің мүддесі үшін дұрыс шешім болады деп санаймын, – деді Байден.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Joe Biden (@joebiden)

Бұған дейін Президент денсаулығына байланысты сайлауға қатыспауы мүмкін екенін жазған болатынбыз. 

Жаңа сұхбатында АҚШ президенті Джозеф Байден «егер ауырып қалып, біреулер, дәрігерлер маған келіп, «Сізде мәселе бар, бұл проблема» десе, президенттік сайлауға қатысу туралы шешімін өзгертетінін айтқан.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram арнасынан таба аласыз.